15 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Қостанай құрылыс колледжінде салтанатты жиналыс өтті. Колледж директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Қадыров Серікбай Қамзаұлы барлық ұжымның атынан құттықтау сөз сөйледі.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Қостанай облысы білім басқармасының Құрмет грамоталарымен, педагогтардың, қызметкерлер мен студенттердің адал еңбегі, жоғары кәсібилігі, колледждің дамуына және жаңа қазақстандық қоғамды құруға қосқан үлесі үшін алғыс хаттармен және грамоталармен марапатталуы ерекше көңілді және толқытатын сәт болды.
Салтанатты жиын жастармен жұмыс жөніндегі инспектор Есмағамбетов А.Б., көркемдік жетекші Исмағамбетова А.И. жетекшілігімен Студенттік Парламент дайындаған мерекелік концертпен аяқталды.
Барлық педагогикалық ұжымды келе жатқан мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Барлықтарыңызға таусылмас рухани күш, жақсы көңіл-күй, еңбекте табыс, денсаулық, отбасылық амандық, бақыт тілейміз!
- 15 Dec
- 2021