Қостанай құрылыс колледжінің жатақханасында тұратын студенттер арасында “Менің Қазақстаным” зияткерлік ойыны ұйымдастырылды және өткізілді. Іс – шара еліміздің ең маңызды мерекелерінің бірі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында ұйымдастырылды.
Іс – шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақты отансүйгіштікке, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру, рух пен моральдық-адамгершілік құндылықтарды нығайту.
Ойын үш кезеңнен тұрды, онда қатысушылар өздерін өз Отанының білгірлері мен патриоттары ретінде көрсетті. Еліміздің тарихы, мәдениеті, қазақ әдебиеті, географиясы бойынша тамаша білімдерін көрсетті. Ойынның жеңімпазы Ольга Шерстнева болды. Барлық қатысушылар тәттілер түрінде марапатталды.
- 15 Dec
- 2021