10 желтоқсанда жалпы білім беру пәндерінің ПЦК апталығы және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында оқытушы Л.М. Мусина тарихи және өлкетану білімін тереңдету және кеңейту; ел тарихына танымдық қызығушылықты дамыту; Отанға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін тәрбиелеу мақсатында «Менің Отаным – Қазақстан» зияткерлік ойынын өткізді. Ойынға келесі командалар қатысты: «Альянс» (369 Арх-1); «Эрудиттер» (373 МЭОСГ-1); «Креативті дизайнерлер» (370 Д-1).
Ойын 3 турда өткізілді: «Менің Отаным – Қазақстан»; «Қазақстан картасы бойынша марафон»; «Ерекше есімдер»; «Қостанай құрылыс колледжінің тарихы». Ойын қорытындысы бойынша бірінші орынды 370 Д-1 тобы, екінші орынды 369 Арх-1 тобы, үшінші орынды 373 МЭОСГ-1 тобы иеленді. Барлығына грамоталар табыс етілді.
Іс-шара барысында студенттер Дакишев А., Ена В., Насртдинова А., Тильман Э. Қазақстанға арналған өлеңдерін оқыды, сондай-ақ ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған бейнеролик көрсетілді.