Бүгінгі таңда мектеп түлектері арасында кәсіптік бағдар беру жұмысының маңыздылығы айтарлықтай артып келеді. Қостанай құрылыс колледжінде бұл бағытта ауқымды жұмыстар жүргізілуде.
9 желтоқсан күні қоғамдық пәндер оқытушысы Ничубай Елена Владимировнаның ұйымдастыруымен №23 ЖББМ бітіруші сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру іс-шарасы өтті. Ол балаларға колледж оқытатын мамандықтар туралы, еңбек нарығында сұранысқа ие болу және біздің түлектерімізді жұмысқа орналастыру туралы; колледж ынтымақтасатын әлеуметтік серіктестер туралы; білім алушыларды әлеуметтік қолдау туралы айтып берді.
Мектеп оқушыларына колледжде дайындық жүргізілетін барлық мамандықтар бойынша бейнеролик көрсетілді, ақпараттық буклеттер таратылды. Оқушылар Қостанай құрылыс колледжінде оқу қиын, бірақ қызықты және тамаша перспективаларды ұсынатынына, ал оқудан тыс өмір көптеген мүмкіндіктер беретініне көз жеткізді.
- 09 Dec
- 2021