9 желтоқсанда Қостанай политехникалық жоғары колледжінің базасында Қостанай облысы ТжКББ ұйымдарының өндірістік оқыту шеберлері арасындағы облыстық конкурстың жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Байқауға қатысушыларды Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы Байменова Зәуре Әнуарбекқызы және қазылар алқасының мүшелері құттықтап, марапаттарын табыс етті.
Байқау педагогикалық шеберлікті жетілдіру, тиімді педагогикалық тәжірибені тарату үшін жағдай жасау, шығармашылықпен жұмыс істейтін өндірістік оқыту шеберлерін анықтау, оларды қолдау және жаңа жағдайда кәсіби қызметтің нәтижелілігін арттыруға ынталандыру мақсатында өткізілді. Байқау бағдарламасы үш тапсырмадан тұрды: «Мен шеберлермін – осымен мақтанамын!»; «Менің білім беру жобам»; «Таңдау бойынша эссе».
Облыстық байқаудың қорытындысы бойынша Қостанай құрылыс колледжінің өндірістік оқыту шебері Пенкин Евгений Сергеевич 1 орынға ие болды! Құттықтаймыз!