Қостанай құрылыс колледжінің педагог-психологы Г.Н.Тшанова «Ата-ана педагогикасындағы жазалау және көтермелеу жүйесі» тақырыбында отбасылық клуб отырысын өткізді. Жиналыстың мақсаты: ата-аналармен баланы отбасында көтермелеу және жазалау мәселесін талқылау; балаларды тәрбиелеудің зорлық-зомбылықсыз әдістерінің артықшылықтарын көрсету; ата-аналарда баланы отбасында көтермелеу мәдениетін қалыптастыру.
Отырыс барысында отбасындағы балалармен қарым-қатынас орнатудың жолдары, құралдары мен тәсілдері талқыланды. Ата-аналарға отбасылық тәрбиенің қиын мәселелерін шешуде педагогикалық көмек көрсетілді.
- 07 Dec
- 2021