Мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес Қостанай құрылыс колледжі 8 мемлекеттік қызмет көрсетеді:
1) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру;
2) Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру;
3) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау;
4) Техникалық-кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру;
5) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау;
6) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау;
7) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарында білім алатын және тәрбиеленетін жекелеген санаттағы азаматтарға, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға тегін тамақтандыруды ұсыну;
8) білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру.
5 қызмет электрондық нысанда, электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы көрсетіледі; 3 қызмет баламалы негізде, яғни қағаз нысанда, мемлекеттік корпорация арқылы және электрондық нысанда көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алу үшін «Азаматтарға арналған үкімет», ХҚКО-да алынған электрондық-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет.
- 03 Dec
- 2021