3 желтоқсанда «Стомед» медициналық орталықтың қызметкері Жалмағамбетова Балдырған Мырзатайқызының Қостанай құрылыс колледжінің студенттерімен Сovid-19 жаңа коронавирустық инфекциясына қарсы вакцинациялау мәселесі бойынша кездесуі өтті. Балдырған Мырзатайқызы «Covid-19 вакцинациясы» тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізді. Әңгіме барысында: вакцинация туралы негізгі ұғымдар, тәртібі, вакцинацияға қойылатын жалпы талаптар, көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер, вакцинация шарттары түсіндірілді. Кездесу соңында медицина қызметкері ақпараттық жадынамалар таратып, білім алушыларға екпе жасауды ұсынды.
- 03 Dec
- 2021