2 желтоқсанда құрылыс колледжінің бірінші курс 9 ГҒҚСП-1, 10 ГҚЖҚП-1, 11 БКЕ-1 топтары үшін “Деструктивті діни идеялардың жастар санасына әсері. Жалдаудың формалары мен әдістері” тақырып бойынша іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – жеке адамның, отбасының құрылымын, жалпы мемлекетке қауіп төндіретін дәстүрлі құндылықтарды бұзатын деструктивті діни ұйымдардың қауіптілігі туралы білімді қалыптастыру, сондай-ақ деструктивті бағыттағы діни экстремизмнің алдын алу.
Іс-шараны колледждің АТТ басшысы Л. М. Мусина, экстремистік идеологияға қарсы іс-қимыл бойынша ҚАЖ мамандарын даярлау орталығының бастығы полиция майоры М. С. Туйганов дайындап, өткізді.