Қостанай құрылыс колледжінде Жас педагог мектебінің кезекті отырысы өтті. Жас оқытушыларға арналған тренингті арнайы пәндер оқытушысы Тертышник Ольга Сергеевна өткізді.
Тренингтің мақсаты – мұғалімнің жетістігінің маңызды критерийлерін анықтау, қазіргі білім беру қызметтері нарығында бәсекеге қабілетті мұғалімнің имиджін құру және дамыту, сабақты жоспарлау мен оқытудың психологиялық тәсілін түзету.
Педагогтер жаттығуды “Мен – нағыз кәсіпқоймын” шағын топтарында орындады, “Сабақтың портреті” картасын қорғады және талқылады, педагогтың сабақ кезеңдері бойынша іс-қимылдарының нәтижелерін талқылады. Өткізілген тренинг негізінде микротоп ауызша түрде өзінің педагогикалық қызметінің өзіндік талдауы мен өзіндік диагностикасын жүргізді. Мектептің барлық қатысушылары дидактикалық қоржынға пайдалану үшін материал алды.
- 02 Dec
- 2021