Қостанай құрылыс колледжінде Дүниежүзілік ЖИТС-мен күрес күніне арналған науқан аясында ” АИТВ: әр адамды тыңда!».
Іс-шара барысында ЖИТС орталығының маманы Серік Кадрон АИТВ инфекциясының берілу жолдары мен алдын алу әдістері, есірткі заттарын тұтынудың, сондай-ақ алкогольді теріс пайдаланудың теріс салдары туралы хабардар етті.
Серік Әуізбайұлы студенттерге өзін және жақындарын ауыр сырқаттан қалай сақтау керектігін, АИТВ анықталған жағдайда не істеу керектігін, тегін жасырын тексеруден өтуге болатынын айтып берді, сондай – ақ балалардың барлық сұрақтарына жауап берді. Кездесу барысында “Тәуекел дәрежесі” тренингі өткізіліп, бейнероликтер көрсетілді.
- 30 Nov
- 2021