29 қарашада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу қарсаңында куратор Л. М. Мусинаның және кітапханасы меңгеруші Г.В. Вельгоша жетекшілігімен МЭОСГ-1 373 тобының бірінші курс студенттері Ы. Алтынсарин атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы дайындаған іс-шараға қатысты.
«Мықты көшбасшы – табысты мемлекет» іскерлік досьесі, осындай түрде іс – шараның жүргізушісі – шақырылған дәріскер – А. Байтұрсынов атындағы Қостанай аймақтық университетінің гуманитарлық ғылымдар магистрі Такиров Орал Мұхтарұлы балаларға Елбасының тұлғасы, оның саяси және қоғамдық өмірі туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Оқу залының кітапханашысы Тихонова Марина Федоровна кітап көрмесін көрсете отырып, балаларды Тұңғыш Президенттің қызметіне арналған кітаптармен, сондай-ақ оның ғылыми еңбектерімен таныстырды.
- 30 Nov
- 2021