Қостанай құрылыс колледжінің базасында ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған армрестлингтен облыс чемпионаты өтті.
Облыстың әр түкпірінен 90-нан астам армрестлер қатысты, олардың арасында құрылыс колледжінің студенттері де болды. Жарыстың бас төрешісі – Шарафутдинов Артем Олегович. Жарыстың бас хатшысы – Джваридзе Бека Борисович.
Спортшылар 6 салмақ дәрежесінде жарысты. Чемпионат қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер келесідей бөлінді: 60 кг санаты бойынша 1 орын 13 МКА 3 курс тобының студенті Бергер Богдан; 2 орын 375 МОСР 1 курс тобының студенті Рахметов Сұлтан; 3 орын БК 1курс тобының студенті Нұрсұлтан Аслан алды.
70 кг дейін категорияда – 1 орын Зубченко Артем 371 СЭЗС 1курс тобының студенті; 2 орын Атрашкевич Никита 367 МСМП 2 курс тобының студенті.
80 кг дейінгі категорияда – 1 орынды Хоменко Данил 363 МКА 2курс тобының студенті; 2 орынды Болгардт Дмитрий 375 МОСР 1курс тобының студенті; 3 орын Литвяк Александр 350 СМ 3 курс студенті алды.
80 кг жоғары санатта – 1 орынды 371 СЭЗС 1курс тобының студенті Жұмабаев Марат иеленді. 65 кг дейінгі санаттағы қыздар арасында – 1 орынды 366 МОСР 2 курс студенті Станайтис Надежда алды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
- 29 Nov
- 2021