Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай “Южный” кітапхана-филиалында Қостанай құрылыс колледжінің 363 МКА-2 тобының студенттері үшін “Әлемдік деңгейдегі саясаткер” тарихи портреті өтті. Іс-шара барысында студенттерге Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жеке тұлғасының қалыптасуы туралы ақпарат берілді. Оның өмірі, еңбек қызметі-көпшілігімізге үлгі. Балалар оқуға деген ұмтылыстың, қоршаған әлемді танудың, өзін-өзі бағалау, жауапкершілік сезімдерінің арқасында жоғары нәтижелерге қол жеткізуге болатынына көз жеткізді. Оның өмірбаяны қарапайым ауыл баласынан бастап Мемлекет басшысы мен әлемдік деңгейдегі саясаткерге дейінгі қиын, бірақ сонымен бірге жарқын және таңғажайып өмір жолын көрсетеді.
Іс-шара барысында “Нұрсұлтан. Президенттің үлкен ойыны” режиссері Валерий Потапов фильмнің үзінділері көрсетілді.
Соңында кітапханашы “Әлемге жол ашқан Елбасы” атты кітап көрмесіне шолу жасады.