Қостанай құрылыс колледжінің кітапханаларында ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың күніне арналған “Человек, который создал” кітап-иллюстрациялық көрмесі дайындалды. Көрме 2021 жылдың соңына дейін жалғасады.
Көрменің мақсаты – Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен даму кезеңіндегі тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін ашу.
Көрмеде ел тарихындағы Тәуелсіздік жылдары қол жеткізген табыстар мен жетістіктерді бейнелейтін материалдар ұсынылған, Тұңғыш Президенттің еңбек және өмір жолы: жастық, есею және еңбек қызметі жылдары, оның саяси және қоғамдық қызметі қамтылған.