2021 жылғы 1 қазан мен 10 желтоқсан аралығында “WorldSkills Kazakhstan 2021” – VI республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты өткізіледі. Ұйымдастырушылар: ҚР БҒМ және “Talap” КЕАҚ. Негізгі құзыреттер бойынша Чемпионаттың конкурстық бөлігін өткізу орны: Нұр-сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау, Көкшетау, Қостанай, Қарағанды, Семей қалаларындағы колледждер базасында 18 жарыс алаңы.
Қостанай құрылыс колледжінің студенттері Бабенко Дмитрий («Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары»), Санкин Темірлан («Кірпіш қалау»), Ли Полина («Визуалды мерчендайзинг және витринистика»), Кудрин Никита («Сәндік және сырлау жұмыстары») WorldSkills 4 құзыреттілік (мамандық) бойынша жарыстарға қатысады және таңдалған құзыреттілікте медаль ұтып алу мүмкіндігі үшін күреседі. Біздің қатысушыларды қолдаймыз!!! Оларға табыс пен жеңіс тілейміз!