Құрылыс колледжінің жатақхана студенттеріне тәрбиеші О. В. Бейисова “Жасөспірім және Заң” тақырыбында әңгіме өткізді. Әңгіме жастар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ жасөспірімдерде құқықтық сананы қалыптастыру мақсатында өткізілді.
Студенттермен кездесуге кәмелетке толмағандар жөніндегі инспектор, полиция аға лейтенанты Р.Б. Абдуллина шақырылды. Ол өз сөзінде қылмыстық құқық бұзушылық жасалған кезде он төрт жасқа толған, бірақ он сегіз жасқа толмаған адамдар кәмелетке толмағандар болып табылатынын атап өтті. Студенттер құқық бұзушылық деген не және оның қылмыстан айырмашылығы неде, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік қай жастан басталатыны және кәмелетке толмаған жаста қылмыс жасаған адамдар үшін жазаның қандай түрлері көзделгені туралы білді. Әңгіме соңында студенттер өздерін қызықтырған құқықтық сипаттағы барлық сұрақтарға жауап алды.
- 26 Nov
- 2021