Қостанай құрылыс колледжінде 25-30 қараша аралығында өтетін Worldskills Kostanay-2021 байқауының колледжішілік кезеңінің ашылуы өтті. Өткізудің негізгі мақсаты – өңірлік кезеңге іріктеу, сондай-ақ жұмыс берушілердің нақты сұраныстарына бағдарланған кәсіптік білімге сұранысты арттыру. Байқау 4 құзыреттілік бойынша өтеді : “Желілік және жүйелік әкімшілендіру”; ” Web-дизайн”; ” Графикалық дизайн”, “Бизнеске арналған IT-шешімдер”.
Сайыс басталар алдында колледж директорының орынбасары Гүлнар Серікқызы Инертбаева қатысушыларға жылы лебізін білдірді: “Байқау қорытындысы әділ болып, осы нәтижелерге қол жеткізу үдерісі әрбір қатысушыға ләззат және пайда әкелсін, барлығына сәттілік тілеймін!».
Мұндай жарыстарға қатысу студенттерге оқу аяқталғаннан кейін өздерінің дайындық деңгейлерін және жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін бағалауға мүмкіндік береді.