Қалалық «Мирас» мәдениет сарайында «Есірткіге жол жоқ!» ұранмен психобелсенді заттарды қолданудың алдын алу бойынша іс-шара өткізілді. Оның мақсаты – жастарды синтетикалық есірткінің жаңа түрлерінің зиянды әсерлері туралы ақпараттандыру, психоактивті заттарға теріс қатынасты қалыптастыру, тіпті бір реттік есірткі сынамасына жол бермеу туралы нақты түсінік қалыптастыру.
Аталған іс-шараға Қостанай құрылыс колледжінің 374 МСШП, 375 МОСР-1 топтарының студенттері педагог-психолог Н.Е.Аллавердиевамен бірге қатысты.
Іс-шараны өткізу барысында нашақорлықтың алдын алу бойынша фильмдер, осы тақырып бойынша мамандардың баяндамалары ұсынылды.
- 24 Nov
- 2021