Максим Рюмин – Қостанай құрылыс колледжінің түлегі, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының үшінші маусымының ең жас жеңімпаздарының бірі, IT саласындағы әртүрлі республикалық және халықаралық конкурстардың бірнеше дүркін жеңімпазы.
20 қарашада колледж студенттерімен кездесу барысында Максим өзінің жетістікке жету тарихын айтып, туған колледж қабырғасында оқу туралы ең жылы әсерлерімен бөлісті, қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуде үлкен көмек көрсеткені үшін барлық педагогтарға шынайы алғыс білдірді.
Кездесу сындарлы түрде өтті – қонақ колледж студенттеріне өз мамандығы және жас мамандар үшін кәсіби өсу мүмкіндіктері туралы айтып берді. Бүгінгі таңда ол «Агромашхолдинг» АҚ зауытында инженер – бағдарламашы болып жұмыс істейді және машина жасау саласында қызықты жобаларды әзірлеуде.
Кездесу барысында оған көптеген сұрақтар қойылды, Максим өзінің әңгімесі мен өмірлік қуатымен, еркін қарым-қатынас атмосферасын құрды, оқуға, ойлауға, болашаққа жоспар құруға ықпал етті.
Максим Рюминнің өмірі мен жетістігі формуласының құпиясы қарапайым: «Ең бастысы — өзіңе адал болу, өзіңе және күшіңе сену, жан-жақты мүдделері мен белсенді өмірлік ұстанымы бар адам болу».
- 23 Nov
- 2021