19 қарашада 1-4 курс студенттері арасында гір спортынан Қостанай құрылыс колледжінің біріншілігі өтті. Жарысқа тек ұлдар ғана емес, қыздар да қатысты.
Салауатты өмір салтын насихаттауға, дене шынықтырумен және спортпен жүйелі шұғылдануды танымал етуге бағытталған жарыстар қатысушыларға күш пен төзімділікте бәсекеге түсуге, физикалық жұмысқа қабілеттілік деңгейін және өз мүмкіндіктерін көрсетуге мүмкіндік берді.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер: 373 МОСГ-1 тобының студенті Азат Руслан 1 орын, 362 СС-2 тобының студенті Метельский Дмитрий 2 орын, 357 ВТиПО-2 тобының студенті Крикливцев Иван 3 орын. Қыздар арасында 1 орынды 372 СМ-1 тобының студенті Ильякова Виктория, 2 орынды 372 СМ-1 тобының студенті Пономарева Светлана жеңіп алды.
Гір спортынан колледж біріншілігінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!