17 қарашада Қостанай құрылыс колледжінде Қостанай қаласы полиция қызметкер капитан А. Ж. Кунтазина, Қостанай облысы ПД есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі инспекторы полиция майоры А. К. Ерадиловамен бірлесіп студенттерге “Есірткіге жол жоқ” тақырыбында дәріс өткізді.
Олар есірткінің өлімге әкелетін зияны және нашақорлықпен күрес бойынша жүргізіліп жатқан алдын алу жұмыстары туралы айтып берді. Сондай-ақ, жастарды есірткіден өткізудің себептері мен факторларына байланысты өзекті мәселелер талқыланып, есірткінің заңсыз айналымы саласындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстар үшін заңды жауапкершілік егжей-тегжейлі қаралды. Полиция қызметкерлері өз тәжірибелерінен ең жарқын мысалдар келтіріп, балаларға есірткіге қарсы тақырып бойынша әлеуметтік роликтер көрсетті.
- 18 Nov
- 2021