16 қарашада Қостанай құрылыс колледжінің кітапханасында Халықаралық толеранттылық күнін мерекелеуге байланысты “Толеранттылық планетасы” диалог – әңгіме түрінде іс-шара өтті. Бұл іс-шараның мақсаты студенттердің толерантты қарым-қатынасын қалыптастыру, басқа адамдардың құқықтарын, даралығын және қайталанбастығын құрметтеу болды. Кітапханашылар Багрова Наталья Евгеньевна мен Вельгоша Галина Валентиновна студенттерді таныстырып, толеранттылық, өзара түсіністік және өзара қабылдау мәселелеріне қатысты отандық және шетелдік авторлардың көркем туындыларын оқуға ұсынды.
Бұл күні 2 корпус кітапханасында Халықаралық толеранттылық күні аясында кітапханашы Буренко Светлана Владимировна “Толеранттылық планетасы” сұхбатын өткізді.
Диалогқа 378 МКА-1 тобының студенттері қатысты. Студенттер толерантты тұлғаның негізгі белгілері, толерантты мінез-құлық, бір-біріне, әртүрлі халықтардың салт-дәстүрлеріне, мәдениетіне деген құрмет туралы әңгімелесті.
Кітапханада оқырмандар үшін “Көркем әдебиеттегі толеранттылық” атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.