Қостанай педагогикалық колледжінде қазақтың көрнекті ағартушысы, педагог, қоғам қайраткері, XIX ғасырдың ақын-әдебиетшісі Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференция өтті.
Конференцияның жалғасы секциялық отырыс болды, оған Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының және Беларусь Республикасының өңірлерінен 100-ден астам педагог қатысты. Секция жұмысында “Ы. Алтынсарин және кәсіптік-техникалық білім беру: жүйенің бастауы, колледждің оқу-тәрбие үрдісінде халық педагогикасының тәсілдерін қолдану” тақырыбында Қостанай құрылыс колледжінің арнайы пәндер оқытушысы А. Г. Айсина сөз сөйледі.
Конференция жұмысының қорытындысы бойынша Әлия Ғаббасқызы 1 дәрежелі дипломмен марапатталды. Құттықтаймыз!