“Рухани жаңғыру” – “Кітап – білім бұлағы” бағдарламасын жүзеге асыру аясында куратор Уразбаева Д.Т. және кітапханашы Вельгоша Г.В. жетекшілігімен № 9 ҒҚСП тобының бірінші курс студенттері Ы. Алтынсарин атындағы Облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен өткен іс-шараға қатысты.
“Дала жұлдызы” әдеби кеші көрнекті жерлесіміз, қазақ педагог-ағартушысы, жазушы, қоғам қайраткері және этнограф Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына арналды.
Ғылыми-көпшілік әдебиет бөлімінің кітапханашысы Латыпова Бибігүл Қазыбайқызы балаларды Ыбырай Алтынсариннің өмірбаяны мен шығармашылық қызметінің қызықты фактілерімен таныстырды. Іс-шара “Киелі жерлер бойынша” атты презентациямен және бейнероликтермен сүйемелденді.