5 қарашада Zoom платформасында “Балалар. Шекаралары. Қауіпсіздік. Балалардың жыныстық тиіспеушілігі” жалпы колледждік ата-аналар жиналысы өтті. Аталған жиналыстың мақсаты ата-аналарды балалардың жеке шекаралары және кәмелетке толмағандар арасындағы жыныстық зорлық-зомбылықтың отбасылық профилактикасы туралы хабардар ету болып табылады.
Педагог-психолог Н.Е. Аллавердиева ата-аналарды мынадай сұрақтармен таныстырды: жыныстық қауіпсіздік, шекара түрлері, түрлі шекараны бұзудың ықтимал нұсқалары, сенім шеңбері, балалардың мінез-құлық және жыныстық қауіпсіздік ережелері, ата-аналарға арналған ұсынымдар мен сенім телефондары берілді.
- 08 Nov
- 2021