“Kostanay Project” облыстық әлеуметтік-ғылыми бастамалар фестивалінің қорытындысы бойынша Қостанай облысы білім басқармасының басшылығы Қостанай құрылыс колледжінің 3 курс студенті Александр Степанченконы марапаттады, ол “Қала құрылысы және ландшафтық сәулет” секциясында “Автобус аялдамасы шағын сәулеттік нысан ретінде – қала бейнесіндегі маңызды элемент” жұмысымен 1-ші орынға ие болды. Оған диплом және “ноутбук” бағалы сыйлығы берілді.
Ғылыми жетекші Татьяна Владимировна Ловягинаға “Kostanay Project” облыстық әлеуметтік-ғылыми бастамалар фестивалінің жеңімпазын сапалы дайындағаны үшін грамота берілді. Құттықтаймыз!