Тілдерді дамыту ПЦК “Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша ашық сабақтар фестивалі” апталығы аясында Қостанай құрылыс колледжінің тәжірибелі педагогтары жалпы білім беру пәндері бойынша ашық сабақтар берді. Ашық сабақтарға қонақ ретінде “Жас педагог мектебінің” оқытушылары шақырылды.
Апталықтың мақсаты: шет тілдерін үйренуге деген ынтаны күшейту, сөйлеу іс-әрекетін практикалық түрде меңгеруге ықпал ету, студенттердің шет тілін білу деңгейіне қарамастан, оларға мүмкін болатын деңгейдегі тапсырмалар мен іс-шараларды ұсына отырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Апта аясында ашық сабақтар ғана емес, сондай-ақ “My future profession” сыныптан тыс іс-шара, “Поэзияның ғажайып беттері” өлеңдер конкурсы, Қостанай қаласы мектептерінің оқушылары үшін Open Test Pad платформасында “Profi Skills” онлайн олимпиадасы өткізілді.