28 қазан күні Қостанай құрылыс колледжінде “Тәрбие үдерісін ұйымдастырудың жүйелі – әрекеттік тәсілі” тақырыбында педагогикалық кеңес өтті. Іс-шараны колледж директоры Қадыров Серікбай Қамзұлы ашып, барлығын күн тәртібімен таныстырды.
“Тәрбие үрдісін ұйымдастырудың жүйелі – әрекеттік тәсілі: түсінігі, дидактикалық принциптері, технологиялары” атты негізгі баяндамамен директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарының м.а. Мадиярова Бибигуль Сапиевна сөз сөйледі.
Педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісті:
психолог Кабденова Гульдана Нурхановна “Тәрбие ұйымдастыруда психологиялық қызметтің маңызы”тақырыбындағы баяндамасымен;
психолог Аллавердиева Наталья Евгеньевна “Студенттердің девиантты мінез-құлқының алдын алу факторы ретінде отбасы мен колледждің өзара іс-қимыл құралдары арқылы тәрбие процесін ұйымдастыруға жүйелі-әрекеттік тәсілді іске асыру” баяндамасымен;
АӘД оқытушысы Козлов Александр Иванович “Тайфун” ӘПК қызметі колледждегі жастардың патриотизмін қалыптастыру құралы ретінде”;
оқытушы Ничубай Елена Владимировна “Азаматтық-патриоттық тәрбиені қалыптастыру бойынша жүйелік-қызметтік тәсілді іске асыру”.
- 29 Oct
- 2021