26 қазан күні Тілдерді дамыту ПЦК апталығы аясында 1 курс студенттері арасында “Поэзия ғажайып беттер” атты өлеңдер байқауы өтті. Сыныптан тыс іс-шараны орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы А. Ж. Мырзахмет ұйымдастырды.
Қатысушылар белгілі ақындардың шығармаларын лайықты оқып, өлеңдер мен өз шығармаларын орындады. Қазылар алқасы конкурсты бағалау кезінде авторлық ойға ену тереңдігін, сөйлеу мәнерлілігі құралдарын меңгергендігін, орындаудың эмоционалдылығын, қатысушылардың әртістігін атап өтті.
Байқау жеңімпаздары: “Мемлекеттік тілдегі өлең” номинациясы бойынша 11 БҚЕ – 1 тобының студенті Серік Дастан, “Орыс тіліндегі өлең” номинациясы бойынша 370 Д – 1 тобының студенті Каримова Ксения, 370 Д – 1 тобының студенті Позднышева Алина “Өлеңді әртістік орындау” номинациясында, 11 БҚЕ – 1 тобының студенті Шаятов Нұрбатыр “Өзі шығарған өлең” номинациясында марапатталды.