2021 жылғы 22 қазанда Рудный қаласында Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы және “Sanaly urpaq – 2050” ҚҚ ұйымдастыруымен Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына арналған “Ы. Алтынсариннің жалпы білім беруді дамытуға қосқан үлесі” атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференция барысында Қостанай құрылыс колледжінің оқытушысы Айгүл Манапқызы Кушегалина “Заманауи білім беру: сын-тегеуріндер, тәжірибе, перспективалар” секциясында «Алтынсариннің педагогикалық идеяларын қазіргі білім саласында қолдану» тақырыбында баяндама жасады.
Осы конференцияға белсенді қатысқаны үшін Айгүл Манапқызы “Саналы ұрпақ” жобасының жетекшісі Серік Манасбаевтан алғыс хат алды.
- 25 Oct
- 2021