21 қазанда акт залында колледждің 1 және 4 курс студенттерінің “БК-СТРОЙ” ЖШС директорының орынбасары Михаил Федяшинмен студенттердің “БК-СТРОЙ” ЖШС өндірістік практикадан өтуінің аралық қорытындысы бойынша кездесуі өтті.
Колледждің негізгі әлеуметтік серіктесінің өкілдері студенттерге дуалды оқыту шарттары бойынша өтемақы сомасы туралы хабардар етті, өтемақының орташа мөлшері қыркүйектің үш аптасында 60 000 теңгені құрады.
Сондай-ақ дуальді оқыту шарттары бойынша өтемақы мөлшерін айына 120 000 теңгеге дейін ұлғайту туралы жарияланды. Сондай-ақ, “БК-СТРОЙ” ЖШС-не жұмысқа қабылданған түлектерге тек коммуналдық қызметтер үшін ақы төленетін қызметтік тұрғын үй беру туралы сөз қозғалды.
- 25 Oct
- 2021