2021 жылдың 21-23 қыркүйек аралығында онлайн форматта “Жас әскер” әскери-патриоттық клубтарының облыстық слеті өтті. Оның мақсаты өскелең ұрпақтың бойында ел азаматының жоғары патриоттық сезімдері мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің имиджін арттыру болып табылады.
Слетке 18 әскери-патриоттық клуб қатысты. Слет бағдарламасына командалардың презентациясы, белтемірге тартылу бойынша жарыс, Калашников автоматын толық бөлшектеу және жинау, газтұмылдырықты және плащ түріндегі жалпыәскери қорғаныс жиынтығын кию, сондай-ақ “Жас әскер дауысы” шығармашылық конкурсы кірді.
Слет қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте 1 орынды Қостанай құрылыс колледжінің “Тайфун” ӘПК иеленді. Құттықтаймыз!