13 қазан күні Жас педагог мектебінің жұмысы аясында колледжде оқыту семинары өтті. Жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету мақсатында арнайы пәндердің тәжірибелі оқытушысы, жоғары санатты педагог Абикенова Алия Мендыгалиевна “Қазіргі заманғы оқу сабағының әдістемелік негіздері, оны өткізуге қойылатын талаптар” тақырыбында оқыту семинарын өткізді, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінде білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесін қолдануда педагогтарға практикалық көмек көрсетті.
Тыңдаушылар заманауи сабақ құрастыру және білім алушылардың білімін бағалау бойынша қажетті ақпарат алды.
Ұжымды біріктіру үшін колледж психологы Наталья Евгеньевна Аллавердиева тренинг өткізді.
- 14 Oct
- 2021