Қазан айында “Kostanay Project” әлеуметтік-ғылыми бастамалардың облыстық фестивалі өтті, оның мақсаты жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу бастамаларын ынталандыру және кәсіпкерлік бастамаларды жүзеге асыру үшін жағдай жасау.
Осы фестивальдің қорытындысы бойынша Қостанай құрылыс колледжінің студенттері жүлделі орындарға ие болды. “Қала құрылысы және ландшафтық сәулет” секциясында “Автобус аялдамасы шағын архитектуралық форма ретінде – қала келбетіндегі маңызды элемент” жұмысымен 343 Арх-4 тобының студенті Александр Степанченко (ғылыми жетекшісі Т.В. Ловягина) 1 орынды, 343 Арх-4 тобының студенті Илья Луговских “Жоба: “Денсаулық” дендропаркі (ғылыми жетекшісі А. Г. Айсина) 2 орынды иеленді. “Техника және технология” секциясында үшінші жүлделі орынды 348 СЭЗС-3 тобының студенті Мария Власова “SMART TRASH” қалдықтарды басқару жүйесі” жұмысымен иеленді. (ғылыми жетекшісі Блажко К. С.)