13 қазанда Қостанай құрылыс колледжінің кітапханасында “Қазақстанның тарихи ескерткіштері” кітап көрмесінің тұсаукесері өтті. Іс-шараның мақсаты – студенттерді қазақ халқының мәдени мұрасымен таныстыру, рухани мұраға ұқыпты қарауға дағдыландыру. Іс-шараға 369 АРХ-1 тобының студенттері, кураторы Ловягина Т. В. қатысты.
Студенттер назарына Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі дайындаған “Қостанай облысының аймақтық киелі нысандары” жылжымалы баннер-көрмесі ұсынылды. Кітапханашылар Багрова Наталья Евгеньевна мен Вельгоша Галина Валентиновна студенттерді таныстырып, қазақ халқының мәдени мұрасына арналған кітаптарды оқуға ұсынды.
№ 2 корпус кітапханасында қаламыздың сәулет ескерткіштеріне арналған іс-шара өтті. Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері “Қостанай қаласының сәулет ескерткіштері” жылжымалы көрмесін дайындады және ұсынды. Көрмеге 379 МСМП -1 және 378 МКА-1 топтарының студенттері қатысты. Экскурсияны кітапханашы Буренко Светлана Владимировна өткізді.
Жылжымалы көрмелер экспозициясы 16 қазанға дейін кітапхананың 1 және 2 корпустарының оқу залында жұмыс істейді. Барлық тілек білдірушілерді экспозициялармен танысуға шақырамыз.
- 13 Oct
- 2021