12 қазанда Діни экстремизмнің алдын алу бойынша АТТ жұмысы аясында құрылыс колледжінің МЭОСГ-1 373 тобының бірінші курс студенттері үшін “Деструктивті діни ұйымдар. Жастарды тартудың формалары мен әдістері” дәріс өтті.
Іс-шараны колледждің АТТ басшысы Л. М. Мусина, экстремистік идеологияға қарсы іс-қимыл бойынша ҚАЖ мамандарын даярлау орталығының бастығы полиция майоры М. С. Туйганов өткізді.
Конференция барысында Л.М. Мусина студенттерді діни экстремизмнің алдын алу бойынша колледждің ақпараттық-түсіндіру тобы жұмысының негізгі бағыттарымен қысқаша таныстырды. М.С. Туйғанов деструктивті діни ұйымдардың мәні мен негізгі белгілерін, жеке тұлға құрылымын, дәстүрлі құндылықтарды бұзу әдістерін, сондай-ақ жастарды өз қатарына тарту үшін қолданылатын әдістерді ашты. Жергілікті құқық қорғау органдарының практикалық жұмыс тәжірибесінен қызықты мысалдар келтірілді.
- 13 Oct
- 2021