Н.Островский атындағы қалалық кітапханада қазақтың ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған “Даланың дара ұстазы” атты кітап көрмесі өтуде. Бұл көрмеге куратор Уразбаева Данагүл Таңжарғанқызының жетекшілігімен Қостанай құрылыс колледжінің 9 ҒҚСП-1 тобының 1 курс студенттері қатысты.
Іс-шара барысында кітапханашы кітап көрмесіне шолу жасап, қатысушыларды 1864 жылы Ы.Алтынсариннің қазақ балаларына арналған алғашқы мектептің ашылу тарихымен таныстырды, сондай-ақ оның кейбір жұмыстары туралы айтып берді.
Ыбырай Алтынсариннің көпқырлы және жемісті қызметі қазақ мәдениетіне лайықты үлес қосты, онсыз оны одан әрі дамыту мүмкін болмайтын қадам болды. Дайындалған көрме оның мұрасы өзектілігін жоғалтпағанын, ол әлі де қызығушылық тудыратынын және біздің қоғамның рухани-адамгершілік дамуына ықпал ететінін тағы бір рет дәлелдейді.
- 12 Oct
- 2021