8 қазанда “Өңірлік психологиялық қолдау және қосымша білім беру орталығы” КММ бастамасымен колледж студенттері, педагогтар мен ата – аналар арасында “Егер қоңырау шалу қиын болса” бір жолғы акция аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Акцияның мақсаты: кәмелетке толмағандар мен олардың ата-аналарын облыстық психологиялық қолдау орталығы туралы ақпараттандыру, мектеп және ТжКБ оқушыларына психологиялық көмек көрсету, сондай-ақ кәмелетке толмағандар мен ата-аналар қоғамының психологиялық сауаттылығын арттыру.
Акция аясында колледждің педагог-психологы Н.Е. Аллавердиева 360 К-2 тобының студенттерімен топ кураторы А.М. Абикенованың көмегімен Қостанай көшелерінде қала тұрғындарымен профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қала тұрғындары арасында орталықтың жұмысы мен координаттары туралы ақпарат жазылған парақшалар таратылды.
- 12 Oct
- 2021