Қостанай құрылыс колледжінің “Тайфун” әскери-патриоттық клубының курсанттары Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6697 әскери бөліміне барды. Олар жауынгерлік жолы 50 жылды құрайтын әскери бөлімнің тарихымен, сондай-ақ ұлттық гвардияшылардың қару-жарағы мен жабдықтау үлгілерімен танысты. Тәртіпті сақтауға, мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, объектілерді күзетуге арналған Ұлттық ұланның әскерлері мемлекеттік биліктің қажетті атрибуты болып табылады.
“Әскери қызметші мамандығының маңыздылығын асыра бағалау қиын. Әрбір жауынгердің жауынгерлік борышының күрделілігі мен жауапкершілігі Отанымыздың мақтанышына бөленеді, оған қызмет ету-үлкен құрмет”, -деп атап өтті батальон командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары майор Дәулет Қалдарбекұлы Абылайсов.
Іс-шара соңында жастар оған танымдық экскурсия үшін алғыстарын білдірді.
- 04 Oct
- 2021