Австрияда кәсіби шеберліктен EuroSkills Graz 2021 ауқымды Еуропа чемпионаты өтті. Чемпионатқа 31 елден 400-ге жуық адам қатысты.
Қостанай құрылыс колледжінің студенті Александров Иван – Қазақстанның атынан өнер көрсетті. Нәтижелері бойынша ол “құрғақ құрылыс” құзыреттілігінде 6-ші орынға ие болды.
Естеріңізге сала кетейік, чемпионат 22-25 қыркүйек аралығында Австрияда өтті. EuroSkills екі жыл сайын өткізіледі және Еуропадағы кәсіптік білім беру мен біліктілікті арттыру саласындағы ең ірі іс-шара болып табылады.
Біз Иванға алға жылжуды және жаңа тұғырларды бағындыруды тілейміз. Ең жақсы нәтижелерге қол жеткізіңіз!