27 қыркүйекте ҚР БҒМ ТжКББ департаментінің директоры Насымжан Жамбекқызы Оспанова Қостанай құрылыс колледжіне барды. Сапар барысында колледж директоры Қадыров Серикбай Камзович колледжде “Жас маман” жобасының жүзеге асырылу барысымен таныстырды.
Бүгінгі таңда “Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану” бағытындағы мамандықтар бойынша оқу зертханалары жаңартылды. Жабдықты таңдау кезінде біз WorldSkills-ті негізге алдық, екіншісі – нарық талаптарын өндіріс талаптарына сәйкестігі тұрғысынан, “Жас маман” жобасы бойынша бекітілген жабдықтар тізбесі шеңберінде колледж үшін қажетті жабдықтар тізбесі анықталды ” – деп толықтырды директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Марат Баймағамбетов.
Шеберханаларға бару барысында PFT Boardmaster гипсокартонын кесуге арналған жабдық, ГКТ арналған көтергіш, ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстарына арналған құрылыс жабдығы, қыш жабдығы, “Ақылды үй” интерактивті кешенді 3D-макеті көрсетілді.
Осы оқу-өндірістік орталықтардың барлығы үздік әлемдік стандарттар мен практикаларға, оның ішінде “WorldSkills” стандарттарына сәйкес келетін, еңбек нарығына жақсы дайындалған кадрларды шығаруға мүмкіндік береді.