2021 жылдың 21-23 қыркүйек аралығында “Жас әскер” әскери-патриоттық клубтарының облыстық қашықтық слеті өткізілді. Іс-шараны Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының “Қосымша білім беруді психологиялық қолдаудың өңірлік орталығы” КММ ұйымдастырды. Кездесуге жалпы, қосымша және кәсіптік білім беру ұйымдарының 18 әскери-патриоттық клубы қатысты.
2 күн ішінде курсанттар әскери-қолданбалы түрлері бойынша жарыстарда өз күштері мен мүмкіндіктерін сынады, ауыр әскери жұмыс күндеріне дайындықтың бірегей мектебінен өтті.
Командалық есепте 1 орынды Козлов Александр Ивановичтің басшылығымен “Тайфун” ӘПК алды. Жеңімпаз командаға 2022 жылы “Айбын” республикалық жастар жиынында Қостанай облысының атынан өкілдік ету құқығы берілді.
Біздің “тайфуншыларды” жеңісімен құттықтаймыз!
- 24 Sep
- 2021