Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы “Тәуелсіз елдің – Тіл шеберлері” атты облыстық байқау өткізді. Конкурстың мақсаты үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген дарынды жастарды анықтау және қолдау; қазақстандық патриотизмді нығайту, тіл мәдениетін тәрбиелеу, басқа халықтардың тілдері мен мәдениетіне құрметпен қарауды қалыптастыру.
Бұл сайыста Қостанай құрылыс колледжінің ағылшын тілі мұғалімі Батырханова Гульбану Батырхановна 1 орын алды! Ол дипломмен, сертификатпен және бағалы сыйлықпен марапатталды. Құттықтаймыз!
- 23 Sep
- 2021