Қостанай құрылыс колледжінде “Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау бойынша нормативтік құқықтық актілерді орындау бойынша колледж жұмысын ұйымдастыру” педагогикалық кеңесі өтті.
Педагогикалық кеңес өз жұмысын колледж директоры Кадыров Серікбай Камзовичтің сөз сөйлеуінен бастады. Ол педагогикалық ұжымды оқу жылының басталуымен құттықтап, жиналғандарға білім беру процесінің барлық қатысушыларының, мемлекеттің және жалпы қоғамның сұраныстарын тиімді орындауға, еңбек нарығында алған мамандығы бойынша жұмысқа орналасуға уәжделген бәсекеге қабілетті маман қалыптастыруға тілек білдірді.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
1. Педагогикалық кеңестің хатшысын сайлау.
2. 2021-2022 оқу жылына арналған педагогикалық ұжым жұмысының басым бағыттары. Колледждің жылдық жиынтық жұмыс жоспарын бекіту.
3. Қабылдау комиссиясының 2021 жылғы жұмыс қорытындылары туралы.
4. Әртүрлі.
2021-2022 оқу жылына педагогикалық кеңестің хатшысын қайта сайлау туралы бірінші мәселе бойынша хатшы И. Т. Мингужинаның өкілеттігін ұзарту туралы шешім қабылданды.
Директордың орынбасарлары кадрларды даярлау жүйесін дамыту стратегиясын іске асырудың басым бағыттары, колледж қызметінің 2021-2022 оқу жылына арналған негізгі бағыттары туралы; 2021-2022 оқу жылына арналған оқу-өндірістік жұмыстың жылдық жоспары туралы; оқытудағы практикаға бағытталған тәсілді ескере отырып, ТЖКБ жаңғырту талаптарына жауап беретін білім беру сапасын қамтамасыз ету туралы; колледждің бірыңғай ақпараттық кеңістігін енгізу және дамыту арқылы оқу-тәрбие процесін жетілдіру туралы баяндамалар жасады.
Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Л. Н. Ерденова 2021 жылғы қабылдау науқанын өткізу қорытындысын шығарды.
Педагогикалық кеңестің қорытындысы бойынша шешім қабылданды, педагогикалық ұжымның 2021-2022 оқу жылына арналған негізгі мақсаты айқындалды.
- 20 Sep
- 2021