2021 жылғы қыркүйекте Нұр-сұлтан қаласында GIZ халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамының өкілдігі жоба қатысушылары арасында тексеру нәтижелерін талқылау жөнінде кеңес өткізді. Оған Қостанай құрылыс колледжінің басшылығы да қатысты.
GIZ жобасының жетекшісі Айдабулова Нұргүл Герман тарапының жобаны тексеру нәтижелерін жариялады. Бұдан әрі жоба қатысушыларының есептері мен ұсыныстары ұсынылды. Кездесуге қатысушылар күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша өз ұсыныстарымен бөлісіп, тәжірибе алмасты.
Сондай-ақ, “құрылысшы” мамандығын танымал ету үшін 2022 жылдың басынан бастап үздік студенттермен бірге оқытушыларды Кнауф Қапшағай оқу орталығының өндірістік цехтарына шақыру туралы шешім қабылданды.
Іс-шара соңында жоба қатысушылары осындай кездесулер тәжірибе алмасу нәтижесінде туындайтын жаңа идеялардың арқасында одан әрі дамуға серпін беретінін бірауыздан атап өтті, сондай-ақ КНАУФ компаниясына көптеген жылдар бойы өздерін бір команда ретінде сезінуге мүмкіндік беретін серіктестердің бірлігі атмосферасын құрғаны үшін алғыс білдірді!
- 20 Sep
- 2021