2013 жылдан бастап қыркүйектің әр екінші жексенбісі Қазақстан Республикасында отбасы күні атап өтіледі. Мерекенің негізгі мақсаты мәдени құндылықтарды, дәстүрлерді, руханилықты сақтау, өскелең ұрпақты тәрбиелеу, демографиялық проблемаларды, сондай-ақ отбасы институты арқылы әлеуметтік сипаттағы проблемаларды еңсеру бойынша ұлттық мемлекеттік міндетті іске асыру болды.
“Отбасы күнін” мерекелеу қарсаңында Қостанай құрылыс колледжінде педагог-психолог Н.Е.Аллавердиева 1 курс СЗЭС 371, 372 топтарының ата-аналарымен онлайн-семинар өткізді.
“Отбасы және отбасылық құндылықтар” тақырыбындағы семинар адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға және отбасының оң бейнесін насихаттауға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған. Кездесудің мақсаты: колледждің ата-аналар қауымдастығында отбасылық қарым-қатынастардың психологиялық мәдениетін дамыту.
- 13 Sep
- 2021