7 қыркүйекте колледжде жас педагог мектебінің алғашқы отырысы өтті.
ЖПМ мақсаты теориялық білімді жетілдіру, педагогикалық шеберлікті арттыру мәселелерінде жас мамандарға практикалық көмек көрсету болып табылады. Оқу жылының басында мектеп жұмысының жоспары әзірленді, мақсаттар мен міндеттер қойылды, тыңдаушылардың тізімдік құрамы нақтыланды, тәжірибелі тәлімгерлер тағайындалды.
ЖПМ жетекшісі Муканова К.Б., жалпы білім беру пәндерінің оқытушысы Туркестанова Т. А. жас педагогтарды колледж қызметін реттейтін нормативтік құжаттармен, ал оқытушыларды оқу – жоспарлау құжаттамасының құрылымымен таныстырды.