21-27 қыркүйек аралығында Австрияда EuroSkills Жас кәсіпқойлар арасында Еуропа чемпионаты өтеді – өтетін орны Грац қаласы болады. Бұл байқауға Қостанай құрылыс колледжінің студенті Александров Иван “Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары” құзыреттілігіне қатысады. Бүгінгі таңда колледж базасында біздің қатысушымызды құрғақ құрылыс саласындағы жоғары білікті мамандар дайындауда. Иванға колледждің әлеуметтік серіктестері “БК строй” ЖШС және KNAUF фирмасы да қолдау көрсетеді.
Иван Александров осындай ауқымдағы чемпионаттардың бірнеше дүркін жүлдегері. 2020 жылы worldSkills Russia жобасының EurasiaSkills халықаралық кіші жобасының қорытындысы бойынша ол күміс медальға ие болды.
Иванды EuroSkills Graz-2021 чемпионатына қатысумен құттықтаймыз, біздің республикамызды халықаралық чемпионатта лайықты көрсетуге және, әрине, жеңіске жетуге тілектеспіз!