2 қыркүйекте Қостанай құрылыс колледжінің 3-4 курс студенттерінің “БК-Строй” компаниясының өкілімен өндірістік практикадан өту мәселесі бойынша кездесуі өтті.
Кездесу барысында “БК-СТРОЙ” ЖШС директорының әкімшілік мәселелер жөніндегі орынбасары Михаил Федяшин студенттерге кәсіпорынның әлеуметтік қызметі туралы айтып, еңбек жағдайлары туралы хабардар етті, практикадан өту тәртібі, еңбек тәртібі мен қауіпсіздік техникасын сақтау туралы нұсқама өткізді.
Тағы бір жағымды сәт – Бонк Надежда, Динисюк Владислав, Мязин Артем, Абиштаев Даулет, Бердіқұл Мирас сияқты бірқатар студенттердің көктемгі өндірістік тәжірибеден өту кезіндегі үздік нәтижелері үшін Құрмет грамоталарымен марапаттау болды. “WorldSkills Қостанай -2021” VII аймақтық чемпионатындағы жеңісі үшін құрмет грамоталарымен және “БК строй” ЖШС ақшалай сыйлығымен студенттер Бабенко Дмитрий (құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары номинациясында), Санкин Тамерлан (“Кірпіш қалау”номинациясында) марапатталды.